Skip to content

Астрономиядан халықаралық олимпиада

-Қазақстанның мектеп оқушылары командасы 2023 жылдың 14-22 қарашасы аралығында Ресейдің Сочи қаласында «Сириус» федералды аумағында өтіп жатқан беделді халықаралық астрономия байқауына – Екінші ашық халықаралық астрономиялық олимпиадаға – OWAO-ға қатысты. Тағы да ЖЕҢІС!
OWAO – әлемдегі үздік астрономиялық дәстүрлер мен көрнекті пән мамандарын біріктіретін жас олимпиада. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.

🏆 ФМБ НЗМ және Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларынан құралған Қазақстандық команда тамаша дайындығы мен дарындылығын көрсетті. Қащықтықтан жұмыс істейтін ұжым  «Бөбек» орталығының обсерваториясының оқытушысы, қызметкері Кенжетай Әсел Жанболатқызының жетекшілігімен білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетті.

Бұл тамаша нәтижелермен расталды:
Аленов Дамир АЛТЫН 🥇,
Табаров Ахмаджон, Елубай Бекасыл, Қылышбек Уәлихан, Суннатов Заңғар – КҮМІС🥈жеңіп алды. 

🚀Бұл тамаша жетістіктер қатысушылардың дайындығы мен дарындылығының жоғары деңгейін, сондай-ақ оқытушылар мен тренерлердің үлкен және нәтижелі еңбегін көрсетеді. Қазақстандық ұжым астрономияның дамуына қосқан үлесін мақтан тұтып, ғылым мен білім саласында жаңа белестерге ұмтылуда. OWAO 2023-тегі тамаша жеңіспен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған