Skip to content

Мектебімізде “Біз вандализмге қарсымыз” атты шара өтті.

Ағымдағы жылдың 29-сәуірі күні Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беретін мектепте жоспар бойынша «Бұзақылық пен вандализм» тақырыбында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың вандализм туралы түсінігін қалыптастыру, бұзақылық әрекеттері үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру, сонымен қатар, вандализм, бұзақылық әрекетін жасау заңмен қудаланады деген сенімді қалыптастыру. Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Вандализм — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдени құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларына вандализм оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Т.Достанованың ұйымдастыруымен өтті. Оқушыларға Вандализм әрекеттері туралы презентациялар көрсетілді. Оқушылар осы презентацияны қарап, вандализмнің түрлерін, осы әрекеттің себептері мен белгілерін білді. Жеке өмір мен баспасөз мысалдарын қолдана отырып, олар «Вандализм» және «Бұзақылық» ұғымдарын талдады. Әңгіме соңында олар «Бәрі сенің қолыңда» деген астарлы әңгімені тыңдап, талқылады.
Айта кететін жайт, әрқайсымыз қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болуымыз қажет. Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыз. Ішкі тәртіп, заңға және өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс нормалар.
Біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *